О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 115 «Об утверждении Стандарта организации оказания оториноларингологической и сурдологической помощи в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 115 «Об утверждении Стандарта организации оказания оториноларингологической и сурдологической помощи в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 115 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 19.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2025 213358_770991.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036620
- ЭКБ идентификаторы
- 213358
- Редакция идентификаторы
- 213358_770991
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:43
0 «Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 115 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32782 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты:
мынадай мазмұндағы 59-1 тармақпен толықтырылсын:
«59-1. Мүгедектігі бар адамдарды есту функциясының бұзылуын өтейтін медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету және ауыстыру «Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32984 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту мүшесін протездеу көмегін ұсыну туралы шешім қабылдау жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту мүшесін протездеу көмегін жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту мүшесін протездеу көмегімен қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды сатып алады.
Есту аппараттарын, оның ішінде сүйек өткізгіштігін ауыстыру, оларды берген есту мүшесін протездеу кабинетінде орнатқан сәттен бастап 4 жыл өткен соң жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ортаңғы құлақ және сүйек өткізгіштігі импланттарына арналған сөйлеу (аудио) процессорларын ауыстыру 5 жылда 1 рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.