О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2023 года № 554 «Об утверждении Правил приема и размещения лиц, ищущих убежище, при их массовом притоке в пунктах временного поселения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2023 года № 554 «Об утверждении Правил приема и размещения лиц, ищущих убежище, при их массовом притоке в пунктах временного поселения»
- Атауы (қаз.)
- «Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 655
- Қабылданған күні
- 15.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2024 199780_716192.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000655
- ЭКБ идентификаторы
- 199780
- Редакция идентификаторы
- 199780_716192
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:05
0 «Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
12 шiлдедегi № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 554 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларында:
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) пана іздеген адам – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пана іздеген адамдарды ұйымдасқан есепке алу, тіркеу мақсатында ЖАО жаппай ағылып келген жерлерде ішкі істер, денсаулық сақтау және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп сұрыптау пункттерін, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп уақытша қоныстандыру пункттерін өрістетеді.
7. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ЖАО-ға уақытша қоныстандыру пункттерін дайындауда жәрдем көрсетеді, сондай-ақ пана іздеген адамдарды қабылдау мен орналастыруға арналған сұрыптау пункттері мен уақытша қоныстандыру пункттерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.».