Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Ұлытау от 12 декабря 2023 года № 66/02 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау»

Қаулы · № 72/01 · қабылданған 21.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2023-no-6602/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Ұлытау от 12 декабря 2023 года № 66/02 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау» Қолданыста Қаулы ·№ 72/01 ·21.10.2024
21.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Ұлытау от 12 декабря 2023 года № 66/02 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау»

Қолданыста Қаулы ·№ 72/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Ұлытау от 12 декабря 2023 года № 66/02 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау»
Атауы (қаз.)
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 66/02 «Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72/01
Қабылданған күні
21.10.2024
Көрсетілген редакция
21.10.2024 201943_724805.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24H007201A
ЭКБ идентификаторы
201943
Редакция идентификаторы
201943_724805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:07

0 Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 66/02 «Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлытау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 66/02 «Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190346 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мамандандырылған ұйым Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына электрондық құжат айналымы, пошта байланысы арқылы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер
қатынастары басқармасының кеңсесі арқылы қолма-қол осы Үлгілік қағидалар қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіне электрондық құжат айналымы арқылы осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) проценті ауыл тауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
7) осы қағидалардың 45-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.»;
мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
«46-1. Қарыз шарттарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің мамандандырылған ұйыммен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу графигін қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен толық көлемде өткізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттемелері көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелерді орындау бөлігінде қарыз шарты талаптарының орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы қарыз шартын елеулі түрде бұзу деп танылады»;

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы