О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 12 января 2023 года № 7 «Об утверждении правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Индерского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 12 января 2023 года № 7 «Об утверждении правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Индерского района»
- Атауы (қаз.)
- «Индер ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қаңтарындағы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 11.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2024 201645_723364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24TF522806
- ЭКБ идентификаторы
- 201645
- Редакция идентификаторы
- 201645_723364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:13
0
«Индер ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қаңтарындағы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Индер ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4973 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);».