Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 12 октября 2023 года № 7/93-VІІІ «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 24/429-VIII · қабылданған 29.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2023-no-793-v/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 12 октября 2023 года № 7/93-VІІІ «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста Ереже ·№ 24/429-VIII ·29.04.2025
29.04.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 12 октября 2023 года № 7/93-VІІІ «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Қолданыста Ереже ·№ 24/429-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 12 октября 2023 года № 7/93-VІІІ «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 7/93-VIIІ «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24/429-VIII
Қабылданған күні
29.04.2025
Көрсетілген редакция
29.04.2025 209749_755509.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25FE044818
ЭКБ идентификаторы
209749
Редакция идентификаторы
209749_755509
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:46

0 Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы №7/93-VIIІ «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң

және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Аягөз аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 12 қазандағы № 7/93-VIIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
1) Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) пайда болу орны бойынша өмірлік қиын жағдайда қалған сәтінен бастап үш ай ішінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;
3) туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емделу кезеңіндегі адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылады;
4) адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балалар (балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен екі еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады;
5) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары ЖСН, ТАӘ, шотын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесінде белгіленген Аурулардың халықаралық жіктелім кодтарына сәйкес электрондық түрде ұсынады. Тізімді ұсыну мерзімі әр айдың 20-сы күніне дейін;
6) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік шамасынан аспайтын адамдарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі;
7) әлеуметтік маңызы бар аурудың қатерлі ісіктермен диспансерлік есепте тұрып ем алып жатқан адамдарға медициналық мекеменің анықтамасы негізінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;
8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;
9) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауына байланысты әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу арқылы мәлімет алу, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі;
11) мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің (бұдан әрі – алып жүруші) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу;

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы