Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Алатау от 12 ноября 2024 года № 11-35 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Алатау»

Ереже · № 33-88 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2024-no-11-35-ekb-228621/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Алатау от 12 ноября 2024 года № 11-35 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Алатау» Күшіне енбеген 05.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение маслихата города Алатау от 12 ноября 2024 года № 11-35 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Алатау»

Күшіне енбеген Ереже № 33-88 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Алатау от 12 ноября 2024 года № 11-35 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Алатау»
Атауы (қаз.)
Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 «Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
33-88
Қабылданған күні
05.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
23.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 I228621_0.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26DU03388M
ЭКБ идентификаторы
228621
Редакция идентификаторы
I228621_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.08.2026 03:33
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 «Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 «Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6182-05 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. Көрсетілген шешіммен бекітілген Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тізбесін айқындау қағидаларында:

1) 2 тармақта:
тармақша 2 мынадай редакцияда жазылсын:
2) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
3-тармақтың 13), 14) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
3) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
4) «цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын цифрлық объект;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы)
4 және тармақтар мынадай редакцияда толықтырылсын:
6) Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
7) 7-тармақта «50 (елу) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен алмастыру;
8) 7-тармағының 3) тармақшада 6-абзац алынып тасталсын;
9) 8-тармақтың 1) тармақшаның бірінші абзацындағы сөздер Алматы облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын деген сөздер «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне деген сөздермен алмастыру;
10) 8-тармақтың 2) тармақшасы ескі редакцияда алып тасталсын;
11-тармақтың үшінші абзацындағы «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екінші абзацындағы «ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖ)» деген сөздер «цифрлық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын, «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасындағы бесінші абзац алып тасталсын;
14) АЖ-дағы 11-тармақтың бесінші абзацындағы «цифрлық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
15)-тармақтың алтыншы абзацындағы «АЖ-дан» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 20-тармақтың 4) тармақшасындағы «ақпараттық жүйеден» деген сөздер «цифрлық жүйеден» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 21 тармақ келесі мазмұндағы 4 абзацпен толықтырылсын;
«Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі»;
18) 22-тармақтың екінші абзацындағы «осы тармақтың 1) -3) тармақшаларында» деген сөздер «осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен алмастыру;
19) 22-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына» деген сөздермен алмастыру;
20) 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
24. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
25. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылар (белсенді) болып табылатын азаматтардың деректерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақылар мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақыларын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
26. Әлеуметтік көмек төлемін Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру процесіне, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы өзі шешім қабылдаған кезде бастамашылық етеді;
21) 27-тармақтың екінші абзацындағы «29-күніне» деген сөздер «27-күніне» деген сөздермен алмастыру;
22) 28-тармақтың үшінші абзацындағы «төлем айының бірінші күнінен ерте емес» деген сөздер «келесі айдың 1 күнінен кейін» деген сөздермен алмастыру.
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді»

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.