О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 12 апреля 2024 года № 12/98-VIII «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 12 апреля 2024 года № 12/98-VIII «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/270-VIII
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 I229619_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26V030270M
- ЭКБ идентификаторы
- 229619
- Редакция идентификаторы
- I229619_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:00
0 «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін
жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 12/98-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/98-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:
19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай цифрлық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».