О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 июля 2024 года № 422/НҚ «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые некоммерческим акционерным обществом «Государственная корпорация «Правительство для граждан», отнесенные к государственной монополии в сфере пенсионного и социального обеспечения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 июля 2024 года № 422/НҚ «Об утверждении цен на товары (работы, услуги), производимые и (или) реализуемые некоммерческим акционерным обществом «Государственная корпорация «Правительство для граждан», отнесенные к государственной монополии в сфере пенсионного и социального обеспечения»
- Атауы (қаз.)
- «Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шiлдедегi № 422/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 488/НҚ
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215242_785611.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2500000488
- ЭКБ идентификаторы
- 215242
- Редакция идентификаторы
- 215242_785611
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:53
0
«Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шiлдедегi № 422/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шiлдедегi № 422/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабына, 195-2-бабының 3,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 825-бабына, «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-2-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-3-бабының 5-тармағына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 190), 191-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:».
2 2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен.
1
1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі