Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 12 декабря 2025 года № 31/288-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Шымкент»

Өзге акт · № 38/343-VIII · қабылданған 14.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2025-no-31288-viii/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 12 декабря 2025 года № 31/288-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Шымкент» Қолданыста 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 12 декабря 2025 года № 31/288-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Шымкент»

Қолданыста Өзге акт № 38/343-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкент от 12 декабря 2025 года № 31/288-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата города Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38/343-VIII
Қабылданған күні
14.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
12.09.2026
Көрсетілген редакция
14.08.2026 229541_837672.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E038343M
ЭКБ идентификаторы
229541
Редакция идентификаторы
229541_837672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:59
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) өкімдерімен және Шымкент қаласы мәслихаты аппараты басшысының (бұдан әрі – аппарат басшысы) бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша мәліметтер, ақпарат сұрату;
мәслихат пен оның тұрақты және өзге де комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдары бойынша қарау үшін әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктеріне мәслихат депутаттарының ресми жазбаша сауалдарын жолдау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтару;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды іске асыру.»;
15-тармақта:
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«депутаттық сауалдарды есепке алуды және олардың уақтылы қаралуына мониторингті жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«мәслихат депутаттарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағында көрсетілген жазаларды қолданумен байланысты мәселелерді дайындау;
мәслихат сессияларының және оның органдарының отырыстарына мәслихат депутаттарының келуін мониторингтеу;»;
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.»;
16, 17, 18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратын басқаруды аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Аппарат басшысын мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Аппарат басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аппарат басшысының орынбасары уақытша жүзеге асырады.».

2. Осы шешiм, 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.