Об утверждении Правил приема детей в первый класс 12-летней школы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил приема детей в первый класс 12-летней школы
- Атауы (қаз.)
- 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 29.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2015 AI34366_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004824_
- ЭКБ идентификаторы
- 34366
- Редакция идентификаторы
- AI34366_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:26
0 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т.Санатова) осы бұйрықты:
1 1) бекітілген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2 2) бекітілген заңнамалық тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3 3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттеріне (басқармасына), республикалық ведомстволық бағынысты жалпы орта білім беру ұйымдарына жеткізсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаментінің директоры М.Т.Санатоваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 29 маусымдағы N 339
бұйрығымен бекітілген
12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесі
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына оқушыларды қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жасалған және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының қызметін анықтайды.
2 2. 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу
2 2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарының бірінші сыныптарына дайындық деңгейіне қарамастан сол оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толған балалар қабылданады.
3 3. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін емтихан, сынақ, тестілеу өткізуге рұқсат берілмейді.
4 4. Баланың мектепке оқуға даярлығын анықтау кезінде, оның әріптерді тани білуі, жаза білуі талап етілмейді.
5 5. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп алды даярлықта болмаған балаларға бір айлық мерзімдегі даярлық курсы ұйымдастырылады.
6 6. Баланың мектепке дайындығына медико-психологиялық тексеру бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін жүргізіледі.
7 7. Баланың медициналық паспортында соматикалық дамуы туралы (жас ерекшелігіне байланысты салмағы, бойы, дене пропорциясы), жүйке жүйесінің жағдайы жөнінде нақты мәліметтер болуы тиіс.
8 8. Бірінші сынып оқушысының психологиялық мінездемесі оқу процесінде оқушының жеке жұмысын жоспарлау үшін жасалады.
9 9. Сыныптар балалардың дайындық деңгейіне және даму дәрежесіне байланысты топтастырылмайды.
10 10. Зерттеуді ата-аналардың немесе балаға жауапкершілікті алған адамдардың келісімінсіз жүргізуге болмайды.
11 11. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
ата-ананың (немесе ата-ананың орнын алмастыратын адамдардың)
өтініші;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
медициналық паспорт;
тұрғылықты мекен-жайынан анықтама;
3x4 фотография - 2 дана.