Об открытии ВК областного технико-экономического лицея-интерната с 12-летним сроком обучения Күшін жойған
Басқа 0
Оқу мерзімі 12 жылдық Шығыс Қазақстан облыстық техникалық- экономикалық лицей-интернатын ашу туралы
📌 Ескерту. Шешімі күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 22 маусымдағы N 76 қаулысымен.
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінде инновациялық бағыттарды дамыту, жастарды мемлекеттік тілде кәсіптік оқытуды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру, спорт Министрлігінің келісімі бойынша ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Политехникалық бағыттағы облыстық лицей-нтернат негізінде тәжірибелік ретінде 1999 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа тұрпатты мекеме - оқу мерзімі 12 жылдық, колледждік білім беру деңгейінде, ортақ арнайы білім дипломын алумен, облыстық бюджет қаражаттары есебінен Шығыс Қазақстан техникалық - экономикалық лицей-интернаты ашылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім департаменті (Байхонов С.З.) және ШҚТУ Ректоры (Баталов Ю.В.) тәжірибенің барысына тұрақты бақылау жасауға қамтамасыз етсін және әдістемелік, материалдық-техникалық көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Оқу мерзімі 12 жылдық ШҚ облыстық техникалық-экономикалық лицей- интернаты мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. (тіркеулі)
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж.Абайділдінге жүктелсін.
Басқа 5. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық техникалық-экономикалық 12 жылдық лицей-интернат
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1999 жылғы
«06» шілдедегі №709
шешіміне қосымша
Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық техникалық-экономикалық 12 жылдық лицей-интернат
ЕРЕЖЕСІ
Орта білім беру жүйесінің реформасы мектептерде білім берудің жаңа ұлттық моделін жасауды қажет етеді.
Бұл құрылым кей жағдайда соңғы нәтижеге бағытталмаған күмәнді курстарды енгізген бір текті мектептерден алшақтай жалпы орта және кәсіптік білім берудің жаңа жүйесіне бағытталған. Ұсынлып отырылған мектеп жүйесін жоғарғы оқу орнының 1,2 курсының кәсіптік бағдарламасымен сәйкестендірудің екшелігі Республиканың білім берудегі сатылай өту принципі негізінде тұжырымдамалық нормативті — заңдылық және мектеп-колледж-жоғарғы оқу орны білім беру жүйесінің бірлігімен базистік - қондырмалы санатта сипатталады.
10, 11, 12 сыныптардың оқу жоспары үш компоненттен турады:
Тармақ 1
1. Орта білім туралы аттестат алу үшін барлық пәндер және Қазақстан Республикасының Білім беру Мемлекеттік стандартында 10,11 сыныптарға бағытпен (инвариантты компонент) оқытуға бөлінген сғаттық жүктемесі еңгізілді;
Тармақ 2
2. Колледж деңгейіндегі диплом алу үшін барлық пәндер және экономист-бухгалтер, экономист-маркетолог мамандықтары бойынша экономикалық колледждың білім беру стандартының сағаттық жүктемесі енгізілді (экономикалық колледжде оқытылатын пәндер жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультеттерінде оқытылады).
Тармақ 3
3. Жоғарғы оқу орындарының (экономикалық факультеттерде) 3-ші курсын жалғастыру үшін оқу жоспарына пәндер реті және ШҚТУ-нің экономикалық факультеттерінің 1,2 курстарының тұрпаттық оқу жоспарынан алынған сағаттық жүктеме енгізілді. Әрі қарай жалғастырамын дегендер жоғарғы оқу орнында оқи алады.
Тармақ 4
4. 10, 11, 12 сыныптардағы апталық жүктеме Қазақстан Республикасының Білім беру мемлекеттік стандарты жүктемесінен аспайды.
Тармақ 5
5. Оқу орны арнайы орта білім беретін мемлекеттік тілде оқытатын оқу орны жоқ болуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін толықтырады. Жоғарғы сапалы мамандар дайындау үшін мамандыққа дайындау пәндерін Техникалық университет оқытушылары оқытады.
Тармақ 6
6. Әкімшілік-қаржы жағынан облыстық Білім беру Департаменті мен Қазақстан Республикасының Білім беру Министрлігіне бағынады.
Тармақ 7
7. Ауыл жастарын дайындауда жағдай жасау үшін техникалық-экономикалық лицей бұрынғы болған бюджеттегі интернатын сақтап қалдырады.
Әл-аухатты орта ауыл тұрғаңдарының балаларынан дайындалған техник пен инженерлер санының артуынан региондағы агроөнеркәсіптік комплекстің дамуына әкелетін әлеуеттік маңызы зор оқу орны болмақ.
Оқу орнының тиімділігі:
- Ата-аналар үшін: оқушылар әдеттегіден бір жыл артық оқығандықтан арнайы орта білім (техник) дипломын алады және жоғарғы оқу орнында оқуын жеделдетілген
бағдарламамамен жалғастыра алады; үш жыл ішінде инженер дипломын алады, осыдан дайындауға жұмсалатын шығын мөлшері азаяды;
- Университет үшін: мектеп -колледж - жоғарғы оқу орны білім беру жүйесінің бірлігі мен жалғастылық принципі жүзеге асады; мемлекеттік тілде оқытылатын, факультеттер контингенттерін құру үшін база құрылады;
- Республика ушін: инженерлер мен техниктерді дайындау уақыты қысқарады, осыдан жұмсалатын шығын көлемін үнемдей алады: ал осы оқу орнының түлектері еңбек ету іс- әрекеттерін 1 жыл ерте бастай алады;
Оқытудың мұндай жүйесі біздің мемлекет тарапынан қабілетті, дарынды оқушылардың әсіресе әл-аухаты төмен жан ұялардан шыққан баларға көңіл бөлуіне және “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуы мен Қазақстан Республикасында Білім берудің беделді моделі болмақ.
10-11 сыныптарда Республиканың Білім беру стандартының инвариантты бөлігі бойынша пәндер оқытылады. 10 сынып оқу жоспарының вариативті бөлігіне келесідей пәндер енгізілді: Әлеуметтік-гумманитарлық пәндер бойынша: мәдениеттану, философия, құқық негіздері; Жаратылыс-ғылыми пәндер бойынша: экономикалық оқу тарихы, инженерлік графика, қазіргі заманғы жаратылыстану тұжырымдамасы (химия,физика);
Кәсіптік пәндер бойынша: экономикалық теория, іс жүргізу негіздері мен машинада жазу.
11 сыныпта әлеуметті-гумманитарлық пәндер бойынша: философия, орыс тілі (мектеп бағдарламасына қосымша);
Жаратылыс-ғылыми пәндер бойынша: жоғарғы математика, экономикалық- математикалық модельдеуді жүйелі саралау;
Кәсіптік пәндер бойынша: экономикалық теория, есеп жүргізу және аудит, тауартану;
12 сыныпта жұмысшы оқу жоспрында көрсетілген барлық негізгі пәндер оқытылады.
Жоспарланып отырылған орта техникалық экономикалық оқу жоспарына енгізіледі:
- біріншіден жоспарланып отырылған орта (жалпы) білім беру Қазақстан Республикасының оқу жоспары стандарты бойынша жұмыс істейді; екіншіден орта экономикалық білім дипломын алу үшін келесідей пәндер енгізілді: әлеументтік-гуманитарлық пәндер бойъінша: мәдениеттану, философия, шетел тілі, дене тәрбиесі, Қазақстан тарихы, орыс тілі, саясаттану негіздері, іскер адамдардың этикасы мен психологиясы;
кәсіптік пәндер бойынша: экономикалық теория, бухгалтерлік есеп теориясы және аудит, саладағы баланс және бухгалтерлік есеп, макро-микроэкономика, менеджмент негіздері және қаржыландыру іс жүргізу негіздері және машинада жазу,маркетинг статистика қаржы іс қағаздарын компьютерде өндеу, қаржы шаруашылық әрекетін саралау,салық және салық салу,салалардағы экономика (жоғарғы оқу орындарының 1,2 курсында да осы пәндер оқытылады);
Жоғарғы оқу орнының экономикалық бағытының 3 курсын жалғастыру үшін келесідей пәндер енгізілді:
әлеуметтік - гуманитарлық пәндер бойынша: мәдениеттану,философия, шетел тілі, дене тәрбиесі, Қазақстан тарихы, орыс тілі, саясаттану негіздері, іскер адамдардың этикасы мен психологиясы, құқық негіздері;
жаратылыс-ғылыми пәндер бойынша: жоғары математика, экономикалық математикалық модельдеуді жүйелі саралау,экономикалық оқу тарихы, инженерлік графика, қазіргі заманғы жаратылыстану тұжырымдамасы, информатика;
кәсіптік пәндер бойынша: экономикалық теория, бухгалтерлік есеп және аудит,бухгалтерлік есеп және салалардағы баланс, макро-микроэкономика, менеджмент негіздері және қаржыландыру, іс жүргізу негіздері мен машинада жазу, маркетинг, статистика, қаржы іс қағаздарын компьютерде өндеу, коммерциялық - қаржылық іс - әрекеттерді саралау, салық және салық жүйесі, әр түрлі саладағы экономика.
10, 11, 12 сыныптарының оқу жоспарының бағыттық (кәсіптік) бөлімі үш компоненттен тұрады:
Тармақ i
I. 1. Пәндер реті және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартындағы 10,11 сыныптарға бағытпен ( инвариантты компонент) оқытуға бөлінген сағаттық жүктеме.(Орта білім туралы аттестат алу үшін).
Тармақ 2
2. 10 сыныпқа вариативті мектептік жүктеменің 34 сағатынан (10- 11 сынып) - 12 сағаты, 11 сыныпқа — 16 сағаты, екі сыныпта барлығы 28 сағаты негізінен әлеуметтік- гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми пәндеріне берілген.
Тармақ ii
II. Пәндер реті және қаржы-экономикалық колледждің тұрпаттық білім беру стандартының сағаттық жүктемесі (экономист-бухгалтер, экономист-маркетолог мамандықтары бойынша колледж дипломын алу үшін ).
Тармақ iii
III. Пәндер реті және Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің экономикалық факультеттерінің 1,2 курсының турпаттық оқу жоспарларынын сағаттық жүктемесі (жоғарғы оқу орнында 3- курстан жалғастыру үшін).
Тармақ iv
IV. 1. 10, 11 сыныптардағы апталық жуктеме 38 сағатты, 12 сыныпта 38,5 сағатты құрайды( Білім беру стандарты бойынша).
Тармақ 2
2. а) Әлеуметтік — гуманитарлық пәндер
Тармақша ә
ә) Жаратылыс- ғылыми пәндер
Тармақша б
б) Кәсіптік пәндер бойынша
- 4 емтиха 9 сынақ;
- 5 емтихан, 8 сынақ;
- 5 емтихан, 12 сынақ тапсырады.
Тармақ v
V. Мемлекеттік емтихандар тапсырады: Қазақстан тарихынан және экономист бухгалтер мамандығын беру бойынша:
Тармақ 1
1. Коммерциялық қаржы -шаруашылық іс-әрекеттерді саралау;
Тармақ 2
2. Бухгалтерлік есеп жөне баланс;
Экономист-маркетолог мамандығы бойынша:
Тармақ 1
1. Коммерциялық қаржы-шаруашылығы іс-әрекеттерді саралау;
Тармақ 2
2. Маркетинг негіздері;
11 сыныптар қалаушыларға экономист-бухгалтер, экономист-маркетолог мамандықтары бойынша колледж деңгейінде мамандар дайындау үшін ақылы келісім шарт негізінде топтар ұйымдастыру қаралады.
Ережені құрушы:
Облыстық қазақ
лицей-интернатының мүдірі
Ж.Е.Қазыкенов
Келісілді:
Оқу-әдістемелік істер
проректоры, профессор
В.А.Антонов