О порядке выдачи разрешений направо розничной торговли алкогольными напитками с объемным содержанием этилового спирта более 12 % на территории области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке выдачи разрешений направо розничной торговли алкогольными напитками с объемным содержанием этилового спирта более 12 % на территории области
- Атауы (қаз.)
- Облыс аумағында этиль спиртінің көлемдік құрамы 12 % астам алкогольді өнімдердің бөлшек саудасын жасау құқығына рұқсат беру тәртібі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 15.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 15.07.1999 3556_261537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99M000112_
- ЭКБ идентификаторы
- 3556
- Редакция идентификаторы
- 3556_261537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:02
0 Облыс аумағында этиль спиртінің көлемдік құрамы 12% астам алкогольді өнімдердің бөлшек саудасын жасау құқығына рұқсат беру тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 29.09.1999 № 237 шешімімен.
Этиль спиртінің құрамы 12% астам алкогольді өнімдерінің бөлшек саудамен сатып өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапкершілігін арттыру, салықтар төлеуді толық мөлшерде қамтамасыз ету, арақ-шарап өнімдерін сатып өткізу кезінде тиылмай отырған тәртіп бұзушылық фактілеріне байланысты сапасыз өнімнің сатылуына жол бермеу және алкогольді рыногында белгіленген сауда - саттық тәртібінің сөзсіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шешім етемін:
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
жергілікті жерлерде алкогольда өнімдердің бөлшек саудасын жасау құқығына, меншік нысандарына қарамастан, бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына рұқсат беруді ұйымдастырсын, бұл орайда осыған тілек білдірушіге қойылатын біліктілік талабын күшейтсін;
халық арасында түсшік жұмыстарын қайта жандандырсын.
2. Жедел жұмыс тобы (Күмісқали Е.) осы мәселе жөніндегі тиісті түсіндірмелерді қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарына жіберсін.
3. Облыстық салық полициясына (Б. Әміров), облыстық салық комитетіне (Ж.С.Сарсенқұлов), табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі облыстық комитетіне (Н.М. Гребеньков), облыстық кеден басқармасына (А.К. Алипов), облыстық ішкі істер басқармасына (Н.И. Приходько) алкоголь өнімдерінің бөлшек сауда жүйелеріне келіп түсу көздеріне бақылау жасауды күшейту және әр айдың 5 жұлдызында жедел жұмыс тобының төрағасына хабарлап отыру ұсынылсын.