Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей (карта 1:200 000)

Заң · № 203-VII · қабылданған 27.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1200-000/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей (карта 1:200 000) Қолданыста Заң ·№ 203-VII ·27.02.2023
27.02.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей (карта 1:200 000)

Қолданыста Заң ·№ 203-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об участках деятельности пограничных представителей (карта 1:200 000)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
203-VII
Қабылданған күні
27.02.2023
Көрсетілген редакция
27.02.2023 178853_624190.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2300000203
ЭКБ идентификаторы
178853
Редакция идентификаторы
178853_624190
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:18

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету учаскелері туралы XATTAMА (карта 1:200 000)

2019 жылғы 20 мамырда Бішкекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттама (карта 1:200 000) ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет ету
учаскелері туралы
XATTAMА
(карта 1:200 000)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар), 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісімнің 2-бабына сәйкес шекара өкілдері қызметінің мынадай мемлекеттік шекара учаскелерін айқындауға келісті:
Қазақстан Республикасының тарапынан:
Алматы учаскесі бойынша - 6995 (7228) белгіден (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 12' 36.4” с.е. және 80° 10’ 31.1” ш.б.] № 36 (5664) шекара белгісіне (Қастек белесі) [геодезиялық координаттармен 42° 56’ 23.8" с.е. және 75° 49' 26.8" ш.б.] дейін;
Қордай учаскесі бойынша - № 36 (5664) шекара белгісінен (Қастек белесі) [геодезиялық координаттармен 42° 56' 23.8" с.е. және 75° 49' 26.8" ш.б.] № 158 (4476) шекара белгісіне [геодезиялық координаттармен 42° 49' 21.8" с.е және 73° 30' 41.4" ш.б.] дейін;
Тараз учаскесі бойынша - № 158 (4476) шекара белгісінен [геодезиялық координаттармен 42° 49' 21.8" с.е және 73° 30' 41.4" ш.б.] 4131 (8060) белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 15' 48.6" с.е. және 70° 56' 42.0" ш.б.];
Қырғыз Республикасының тарапынан:
Ыстықкөл учаскесі бойынша - 6995 (7228) белгісінен (Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 12' 36.4" с.е. және 80° 10' 31.1" ш.б.] 4642 (5280) белгісіне [геодезиялық координаттармен 42° 54' 56.5" с.е. және 77° 13' 23.1" ш.б.] дейін;
Шу учаскесі бойынша - 4642 (5280) белгісінен [геодезиялық координаттармен 42° 54' 56.5" с.е. және 77° 13' 23.1" ш.б.] 4315 (9676) белгісі бар геодезиялық пунктіне [геодезиялық координаттармен 42° 25' 28.6" с.е. және 73° 30’ 22.8" ш.б.] дейін;
Талас учаскесі бойынша - 4315 (9676) белгісі бар геодезиялық пунктінен [геодезиялық координаттармен 42° 25' 28.6" с.е. және 73° 30' 22.8" ш.б.] 4131 (8060) белгісіне дейін (Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі) [геодезиялық координаттармен 42° 15' 48.6" с.е. және 70° 56' 42.0" ш.б.].
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы Тараптардың жазбаша хабарламасының соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызметі туралы келісіммен бір мезгілде қолданысын тоқтатады.
2019 жылғы 20 мамырда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін тең түпнұсқалы болып табылады.
Мәтіндерде алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
______________________
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
_____________________

Қолданыстағы