Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/154-II «Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/154-II «Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы от 07.04.2007 г. № 37/289-III (Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/154-II «Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы)
1. «Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 17/154-II шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 574 тіркелген, 2002 жылғы 01 маусымдағы «Арыс ақиқаты» газетінің №22 санында жарияланған, (қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 5 сәуірдегі №29/226-II
«Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/154-II
«Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 20.05.2002 жылғы №574 тіркелген шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №888 тіркелген, 2003 жылғы 24 мамырдағы «Арыс ақиқаты» газетінің №21 санында жарияланған, қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 12 қаңтардағы №14/110-III
«Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы № 17/154-II
«Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1734 тіркелген, 2005 жылғы 26 ақпандағы «Арыс ақиқаты» газетінің N 9 санында жарияланған, қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 27/214-III
«Арыс қалалық мәслихатының 12.04.2002 жылғы N 17/154-II
«Сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақылардың ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-16 тіркелген, 2006 жылғы 4 наурыздағы «Арыс ақиқаты» газетінің №10 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын бір жарнама объектісі үшін 1 айға төленетін төлемақы 1 шаршы метрге 2 айлық есептік көрсеткіш есебінде белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.