Құжат мәтініне өту

О применении статьи 13 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне"

Қаулы · № 5 · қабылданған 21.06.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-18-1992-ekb-9397/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О применении статьи 13 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·21.06.2001
28.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О применении статьи 13 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне"

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О применении статьи 13 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне"
Атауы (қаз.)
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарының зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын қолдану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
21.06.2001
Көрсетілген редакция
28.11.2024 9397_738448.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P01000005S_
ЭКБ идентификаторы
9397
Редакция идентификаторы
9397_738448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:43

0 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Соттардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының біркелкі және дұрыс қолдануын қамтамасыз ету мақсатында және заңнамадағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1

1. Соттарға «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көзделген, Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұратын және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар, сондай-ақ Заңның 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген аумақтарда жұмыс істейтін және тұратын азаматтарға қосымша еңбекақы әлеуметтік төлемдерге жататыны түсіндірілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығымен зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшін «айлық есептік көрсеткіш» ұғымы енгізілді және қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарға осы Жарлықпен белгіленген «айлық есептік көрсеткіш» ұғымын басшылыққа алуға және қолдануға нұсқау берілді.
«1997, 1998, 1999 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу де айлық есептік көрсеткіш негізге алынып көзделген. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен аталған Заңның 12-бабына және 13-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына өзгерістер енгізіліп, «ең төменгі жалақы» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылды.
1996 жылдан бастап «ең төменгі жалақы» деген ұғымды қолдану заңнамалық тәртіппен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатылғандықтан, ал 1999 жылы ол «айлық есептік көрсеткішке» ауыстырылғандықтан, соттар азаматтардың қосымша еңбекақы өндіріп алу туралы талап қоюларын қарау кезінде 1996 жылдан бастап айлық есептік көрсеткішті негізге алуы тиіс.
Алайда соттар Қазақстан Республикасы АК-нің 960-бабының 3) тармақшасына сәйкес азаматтардың тарапынан теріс пиғыл болмаған жағдайда, ең төменгі жалақы есебінен азаматтарға төленген жалақыға экологиялық үстемеақылардың ақшалай сомаларын кері өндіріп алуға жатпайтынын назарда ұстауы тиіс.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Қолданыстағы