О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 августа 1992 г. N 676
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 августа 1992 г. N 676
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1093
- Қабылданған күні
- 09.07.1997
- Көрсетілген редакция
- 26.04.1998 AI1960_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970001093_
- ЭКБ идентификаторы
- 1960
- Редакция идентификаторы
- AI1960_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:02
0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "КСРО Мемагроөнеркәсiбiнiң Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Қазақ КСР-i бойынша мемлекеттiк инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекциясы етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 тамыздағы N 676 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 32, 497-бап) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет туралы ереженiң 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
"Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ карантиннен тыс өсiмдiктердi республикаға әкелгенi және одан шығарғаны үшiн, оларды кейiннен өндiрiстiк мақсаттарға пайдалана отырып залалсыздандырғаны үшiн заңды және жеке тұлғалардан алынатын арнаулы қаражат есебiнен қаржыландырылады";
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекциясының
кәсiпорындар мен ұйымдарға көрсететiн қызметiнiң бағаларының
прейскурантын бекiтсiн.