Кіру
Құжат мәтініне өту

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1996 г. № 587 «О демонополизации жилищно-коммунального хозяйства и упорядочении расчетов за жилищно-коммунальные услуги»

Өзге акт · № 92 · қабылданған 05.06.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-1996-no-587/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1996 г. № 587 «О демонополизации жилищно-коммунального хозяйства и упорядочении расчетов за жилищно-коммунальные услуги» Күшін жойған Өзге акт ·№ 92 ·05.06.1996
05.06.1996 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1996 г. № 587 «О демонополизации жилищно-коммунального хозяйства и упорядочении расчетов за жилищно-коммунальные услуги»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 92 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1996 г. № 587 «О демонополизации жилищно-коммунального хозяйства и упорядочении расчетов за жилищно-коммунальные услуги»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің есеп айырысуларын ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587 қаулысын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
05.06.1996
Көрсетілген редакция
05.06.1996 1683_239397.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V96Z000051_
ЭКБ идентификаторы
1683
Редакция идентификаторы
1683_239397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:21

0 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің есеп айырысуларын ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы №587 қаулысын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің есеп айырысуларын ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы қаулысын орындау жолында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Қалалар мен аудандар әкімдері:

жеке пәтер иегерлері кооперативтерін /ЖПИК/,тұрғын үйлер кондоминиумдарын /бірлескен иегерлер/ құру жөніндегі ұйымдастыру шараларын бір айлық мерзімдік уақытта аяқтап, заңдарды белгіленген тәртіпте тұрғын үйлер және адам тұрмайтын үйлер кооперативтерінің Үлгі Жарғысына сәйкес мүдделі министрліктермен келісілген жағдайда оларды тіркеуден өткізетін болсын;
коммуналдық кызмет көрсетудің жаңа төлем тәртібін енгізу жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары, радио, мерзімді баспасөз бен теледидар арқылы тұрғындар арасында белсенді түсінік жұмыстарын жүргізсін;
пайдаланушы ұйымдармен бірлесіп, барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер кәсіпорындары мен ұйымдарын және тұрғындарды салқын және ыстық сумен, газбен және жылу қуатымен қамту бойынша есептеу аппараттарын орнатудың кестелерін әзірлеп бекітсін;
әкім аппараттарының қызметкерлері санының лимиті есебінен аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру Орталықтарын құрып, олардың Ережелерін, құрылымдарын, штаттық санын бекітсін;
Бұрынғы тұрғын үй басқармалары жанындағы төлқұжат тәртібін жүргізу жөніндегі қызметтер ішкі істер органдарының қарамағына берілетін болсын;
жергілікті бюджет есебінен каржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шараларды орындаушыларды тендерлік ұстын бойынша таңдап алуды қамтамасыз етсін;
ведомстволық тұрғын үйлермен қоса тұрғын үй қорын түгелдеу ісін жүргізсін және жергілікті бюджет, коммуналдық кәсіпорын және басқа қаржыландыру көздері есебінен бүлініп-қирағалы тұрған және әбден тозығы жеткен тұрғын үйлерді күтіп-ұстау, реновациялау, күрделі жөндеу немесе бұзу шараларын әзірлеп бекітсін.

2. Орал қаласының әкімі О.И.Рахымбердин «Тұрғын үйлерді күтіп-ұстау жөніндегі пайдалану шығындарының тарифтерін белгілеу туралы» қалалық мәслихаттың бұдан бұрынғы қабылданған қаулысының күшін жою туралы мәселені кезекті қалалық депутаттар мәслихатының қарауына үшкүндік мерзімде ұсынып, заңдылықта белгіленген тәртіпте тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерін келісетін болсын.

3. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитет /Кондратенко/ екі апталық мерзімдік уақыттың ішінде:

-коммуналдық саланың мына кәсіпорындарының құрылымдарын қайта жасақтаудан өткізсін:"Суарнасы" басқармасы /Ференци/, "Батысқазэнерго" энергетика және электрлендіру өндірістік бірлестігінің Орал филиалы /Отарбаев/, "Оралоблгаз" акционерлік қоғамы /Есентөрлиев/, коммуналдық-шаруашылықтың Орал көп салалы кәсіпорны /Өтешев/, "Көгаландыру құрылысы" мердігерлік мамандандырылған басқармасы /Өтебалиев/, "Ораллифт" шағын кәсіпорны /Деев/, "Облжылукоммунэнерго" облыстық жылу мен қамту жүйелерін жөндеу және пайдалану жөніндегі кәсіпорын /Мұқамбетқалиев/, облыстық телекоммуникация дирекциясы /Бунькин/;
-тұтынушы кәсіпорындарға-коммуналдық саладағы табиғи монополистерге коммуналдық қызмет көрсетудің нақты өзіндік құнын қайта есептеуден өткізсін және олардың шығаларының дәлелді болуына қатаң бақылау орнатсын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй-коммуналдық салада жүргізудегі өте маңызды өзгерістері туралы түсінік жұмыстарын жүргізсін.

4. Облыстық экономика басқармасы /Сорокин/ баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетпен /Кондратенко/ бірлесіп, коммуналдық кәсіпорындар - табиғи монополистердің қызмет көрсетулерінің нақты өзіндік құнын тексеру үшін жұмыс тобын құрып, осы жылғы 15 маусымға дейін сәйкесті материалдар тапсыратын болсын.

5. Құрылудағы жеке тұрғын орындар кооперативтеріне, үйлер кондоминиумдарына электр қуаты, газ, жылу және сумен қамту жеткізімшілерімен, жөндеу құрылыс ұйымдарымен, тұрмыстық қалдықтарды шығару, үй жанындағы аумақтары көркейту ұйымдарымен, бұқырлау станцияларымен және басқа кәсіпорындармен, ұйымдармен тікелей немесе тұрғын үй-пайдалану ұйымдары арқылы қысқа мерзімдік немесе ұзақ мерзімдік шарттар жасау құқығы берілсін.

6. Мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет /Балғабаева/ бір айлық мерзімдік уақыттың ішінде:

кәсіпорындар-коммуналдық саладағы табиғи монополистер кұрамынан негізгі қызметпен шұғылданбайтын бөлімшелерді шығарып, үстіміздегі жылдың аяғына дейін оларды мемлекет меншігінен алып жекешелендіруді жүзеге асырсын;
баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетпен /Кондратенко/ бірлесіп, облыстық кәсіпорындар-табиғи монополистер мемлекеттің қатысуымен коммуналдық салада құрған шаруашылық құрылымдарды және олардың қызметтерін жарыса жүргізушілерді құрылтайшылық шарттарды бұзу жолымен айқындап, артық құрамдас бөлімшелерді тарату қамтамасыз етілсін.

7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Ф.Маючий жолдасқа жүктелсін.

Қолданыстағы