Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 года № 406 "О квоте иммиграции на 2000 год"

Жарлық · № 893 · қабылданған 13.08.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2000-no-1067-17-2000-no-406-2000-ekb-6840/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 года № 406 "О квоте иммиграции на 2000 год" Күшін жойған 13.08.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 года № 406 "О квоте иммиграции на 2000 год"

Күшін жойған Жарлық № 893 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 года № 406 "О квоте иммиграции на 2000 год"
Атауы (қаз.)
"2000 жылға арналған кұшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1067 қаулысын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
893
Қабылданған күні
13.08.2000
Көрсетілген редакция
13.08.2000 6840_255451.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V0000367
ЭКБ идентификаторы
6840
Редакция идентификаторы
6840_255451
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "2000 жылға арналған кұшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1067 қаулысын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 90 шешімімен.
"2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406  Жарлығын  және осы мәселе туралы Үкiмет қаулысын орындау үшiн  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН :

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген 2000 жылға арналған шет елдерден көшiп келу квотасына сәйкес 20 репатрианттар (оралмандар) отбасылары облыстың аудандарына № 1 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.

2. Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу мақсатында № 2 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.

3. Көшi-қон және демография басқармасы:

1) өздерiнiң тарихи Отанына қайтуға тiлек бiлдiрген репатрианттарды (оралмандарды) облысқа белгiленген көшiп келу квотасы шеңберiнде қоныстандыруды және жайластыруды қамтамасыз етсiн;

2) оралмандар отбасыларын және олардың үй мүлiктерiн қоныстану пункттерiне дейiн тасымалдауды қамтамасыз етсiн;

3) репатрианттарға (оралмандарға) уақтылы бiр жолғы жәрдемақылар төлеудi, көлiк шығындарын өтеудi және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етсiн;

4) Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қоныстандыруды, қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыруға бөлiнген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;

5) репатрианттарды (оралмандарды) жергiлiктi жерлерде қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардың және атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.

4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:

1) репатрианттарды (оралмандарды) қабылдауды, жайластыруды және оларға қажеттi әлеуметтiк тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;

2) репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын туыстық байланыстарына және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыру үшiн жинақы қоныстандыру мекендерiн анықтасын;

3) белгiленген тәртiппен оларға тұрғын үйлер құрылысы және шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн бөлсiн;

4) репатрианттардың (оралмандардың) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ емлесiне оқытуды ұйымдастырсын;

5) репатрианттарға (оралмандарға) өз меншiк iстерiн ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптердi жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшiн шағын несиелер бөлiнуiне жәрдемдессiн.

5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы:

1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерiн, оның iшiнде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауды Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес шешсiн;

2) репатрианттар (оралмандар) отбасыларының ересек еңбекке қабiлеттi мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде шаралар қабылдасын.

6. Денсаулық сақтау басқармасы:

1) репатрианттар (оралмандар) отбасылары белгiленген мекен жайларына жеткенге дейiнгi жолдарда санитарлық-тазалық талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн;

2) облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) тегiн дәрiгерлiк тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн;

3) репатрианттарға (оралмандаға) дәрiгерлiк қызмет көрсетудiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз етсiн.

7. Бiлiм беру департаментi:

1) репатрианттардың (оралмандардың) мектеп жасындағы балаларын жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсiн.

2) репатрианттар (оралмандар) балаларының жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсу тәртiбiн белгiлесiн.

8. Шығыс Қазақстан облыстық Бас кеден басқармасы:

1) қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден постыларын ұйымдастырсын.

9. Iшкi iстер басқармасы:

1) репатрианттардың (оралмандардың) облыс аумағы жолдарында және олардың орналасқан жерлерiнде жеке бастарының және мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн;

2) келген репатрианттарды (оралмандарды) уақтылы тiркеудi және республиканың аумағында тұруы мен жүрiп тұруына арналған құжаттарды уақытында рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн;

3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.

10. Осы шешiмнiң орындалу қорытындысы туралы облыс әкiмi аппаратына үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсанына дейiн жазбаша хабарлама беру көшi-қон және демография басқармасына тапсырылсын.

11. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Абайдильдинге жүктелсiн.

33 Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
2000 жылғы 14 тамыз № 893
шешiмiне № 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу
Облыс әкiмi
аппаратының жетекшiсi
Т. Ибраев

34 Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
2000 жылғы 14 тамыз № 893
шешiмiне № 2 қосымша
Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Абайдильдин Т.Ж.
- облыс әкiмiнiң орынбасары, штаб бастығы
Омаров Б.А.
- көшi-қон және демография жөнiндегi басқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары
Штаб мүшелерi:
Болотова О.Г.
- еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары
Утепов Б.М.
- облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Бактыбаев Ж.Т.
- iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Райсов М.К.
- денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Малгаждаров А.Б.
- Шығыс Казақстан облыстық Бас кеден басқармасы бастығының орынбасары
Шакенов М.Ш.
- сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы
Сабитов Т.К.
- жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары
Данияров Б.К.
- мәдениет, спорт және туризм жөнiндегi басқармасының бастығы
Коляда Ю.И.
- мемлекеттiк санэпидемиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары
Аязбаев Е.М.
- бiлiм департаментi бастығының орынбасары
Облыс әкiмi
аппаратының жетекшiсi
Т.Ибраев