О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 13 сентября 2000 года № 177 "О государственном закупе зерна урожая 2000 года у сельхозтоваропроизводителей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 13 сентября 2000 года № 177 "О государственном закупе зерна урожая 2000 года у сельхозтоваропроизводителей"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылшаруашылық тауар өндірісшілерінен 2000 жылғы егін астығын мемлекеттік сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 13 қыркүйектегі № 177 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 06.02.2001
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2011 9390_194755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01S0000265
- ЭКБ идентификаторы
- 9390
- Редакция идентификаторы
- 9390_194755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:00
0 "Ауылшаруашылық тауар өндірісшілерінен 2000 жылғы егін астығын мемлекеттік сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 13 қыркүйектегі № 177 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 № 01.04-08/2964 хаты)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1341 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы", "Мемлекеттік экспорттық астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 1841 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1640 қаулыларына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. "Ауылшаруашылық тауар өндірісшілерінен 2000 жылғы егін астығын мемлекеттік сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 13 қыркүйектегі № 177 шешіміне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Шешімнің атауындағы "Ауыл шаруашылық өндірісшілерінен" сөзі алынып тасталынсын.
2 2. Бірінші тармақ мына редакцияда баяндалсын:
"2000 жылғы орақтан 9353-90 Мемстандартқа қарай 3 сыныптағы азық-түліктік жұмсақ сортты бидайларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған және астықты сатып алу шартымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1303 және 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулыларына сәйкес сатып алынған баға бойынша сатылған астықтан қайтарылатын қаржы есебінен жасалсын".
3 3. 3 тармақ күшін жойды деп танылсын.
4 4. 4 тармақта:
бір азат жолындағы "ауыл шаруашылық тауар өндірісшілерінен" сөзі алынып тасталынсын;
екінші, үшінші, төртінші азат жолдар мына мазмұндағы редакцияда баяндалсын:
"жұмыс тобының атына жазылған жазбаша тапсырыс;
кіріс түбіртегінің көшірмесі (ПК-13) және астықтың талдау кәртішкесі;
патенттің немесе кәсіпкерлік қызметпен (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық) айналысу құқының куәлігінің көшірмесі";
бесінші, алтыншы, жетінші азат жолдар алынып тасталынсын;
5 5. Мына мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын:
"8. Осы шешім "экспорттық мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 1841 қаулысына қол қойылған күннен күшіне енеді және жариялануға жатады.".