Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года № 371 "Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан"

Жарлық · № 431 · қабылданған 14.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2000-no-371-ekb-68841/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года № 371 "Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан" Қолданыста Жарлық ·№ 431 ·14.11.2012
14.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года № 371 "Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан"

Қолданыста Жарлық ·№ 431 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года № 371 "Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
431
Қабылданған күні
14.11.2012
Көрсетілген редакция
14.11.2012 AI68841_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1200000431
ЭКБ идентификаторы
68841
Редакция идентификаторы
AI68841_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:53

0 "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
кестенің 1-бағанында:
«Әскери саладағы мәліметтер» деген 1-бөлімде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Білім және ғылым министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Мұнай және газ министрі»;
он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы;
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры;
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы»;
«2. Экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер»;
отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы»;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«
Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі
36) Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен өт­кі­зі­ле­тін ұлт­тық бі­рың­ғай ұлт­тық те­сті­ле­уді, ке­шен­ді те­сті­леу мен те­сті­ле­удің бас­қа да түр­ле­рін өт­кі­зу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын те­сті­лер­дің маз­мұ­нын және олар­дың дұ­рыс жа­у­ап­та­ры­ның код­та­рын аша­тын мә­лі­мет­тер.
»;
кестенің 2-бағанында:
«4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер» деген 4-бөлімде:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат.».

2 2. Мүдделі мемлекеттік органдар екі ай мерзімде өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы