Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области образования от 13 июня 2000 года

Қаулы · № 141 · қабылданған 16.03.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2000/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области образования от 13 июня 2000 года Қолданыста Қаулы ·№ 141 ·16.03.2016
16.03.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области образования от 13 июня 2000 года

Қолданыста Қаулы ·№ 141 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области образования от 13 июня 2000 года
Атауы (қаз.)
2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
141
Қабылданған күні
16.03.2016
Көрсетілген редакция
16.03.2016 100232_143195.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000141
ЭКБ идентификаторы
100232
Редакция идентификаторы
100232_143195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:02

0 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 16 наурыздағы
№ 141 қаулысымен
бекітілген
2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«жіберуші Тарап» – білім алушыларды қабылдаушы Тарапқа жіберетін Тарап;
«қабылдаушы Тарап» – жіберуші Тараптың білім алушыларын қабылдайтын Тарап.».
2. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар жыл сайын 40 адам бакалавриат, 10 адам магистратура бағдарламалары бойынша толық оқу курсына білім алушылармен баламалы алмасуды жүзеге асырады.
Қабылдаушы Тарап алмасуға қатысушыларды оқуға, оқу құралдарын, ғылыми-техникалық құжаттаманы, зерттеу жабдығын пайдалануға төлем төлеуден босатады және олардың:
оқытатын мемлекетте қолданылатын білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқуын, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуін;
өз мемлекетінің азаматтарымен тең жағдайда жоғары оқу орнының жатақханасында тұруын;
қабылдаушы Тараптың денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заңнамасы шеңберінде медициналық қызмет алуын қамтамасыз етеді.
Қабылдаушы Тарап алмасуға қатысушыларға өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес стипендия төлейді.
Көлік шығыстарын төлеу алмасуға қатысушылар есебінен жүргізіледі.».
3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Жіберуші Тарап жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей қабылдаушы Тарапқа осы Келісімнің 2-бабына сәйкес оқыту қажет мамандықтардың тізімін ұсынады.
Қабылдаушы Тарап жыл сайын 30 маусымға дейін жіберілген мамандықтар бойынша кандидаттарды қабылдау мүмкіндігі туралы жіберуші Тарапты хабардар етеді, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің қабылдаушы білім беру ұйымдарының атауларын хабарлайды.
Жіберуші Тарап қабылдаушы Тарапқа оқу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей, алмасуға қатысушылардың келу күнін хабарлайды.
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты осы Келісім шеңберінде оқуға қабылданған алмасуға қатысушыларды орналастыру туралы хабардар етеді.».
4. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдары беретін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды тануды және олардың баламалылығын белгілеуді қамтамасыз етеді.
Тараптар жоғары білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды тану және олардың баламалылығын белгілеу мәселелері жөнінде ақпарат алмасуға және консультациялар жүргізуге жәрдемдеседі.».

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің 8-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енеді және Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
2015 жылғы «14» қыркүйекте Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Қолданыстағы