О внесении изменения и дополнений в Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 13 февраля 2002 года N 31-п "Об утверждении Правил определения совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение адресной социальной помощи" (зарегистрированный 28 февраля 2002 г. N 1782)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 13 февраля 2002 года N 31-п "Об утверждении Правил определения совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение адресной социальной помощи" (зарегистрированный 28 февраля 2002 г. N 1782)
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын, анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө Бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2002 ж. 28 ақпанда N 1782 тiркелген)
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 78_П
- Қабылданған күні
- 10.04.2002
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2009 AI11841_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V020001821_
- ЭКБ идентификаторы
- 11841
- Редакция идентификаторы
- AI11841_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:10
0
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын, анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө Бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2002 ж. 28 ақпанда N 1782 тiркелген)
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Z010246_ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн халықтың табысын анықтау мәселелерiндегi тәсiлдердi жетiлдiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне:
5-тармақта "1-қосымша" деген сөздердегi "қосымша" деген сөздiң алдынан "үлгілiк"деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақта:
"2-7 қосымшалар" деген сөздердегi "қосымшалар" деген сөздiң алдынан "үлгiлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
"құны" деген сөзден кейiн "аймақтардың ерекшелiктерi және тиiстi жергiлiктi атқару органы мәлiметтерiнiң негiзiнде орташа көрсеткiштерге енгiзiлетiн түзетулер ескерiле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Табысты есептеу үшiн облыстық (Астана және Алматы қалаларының) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдарына статистика жөнiндегi облыстық органдар ұсынатын 2-7 үлгiлiк қосымшаларында көрсетiлген өнiмдерге облыстарда өткен жылы қалыптасқан орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
Ұсынылған бағалар аймақтардың ерекшелiктерi ескерiле отырып түзетiлуi және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асырушы аудандық (қалалық) уәкiлеттi органдарға жiберiлуi мүмкiн.".
9-тармақта "8-қосымша" деген сөздердегi "қосымша" деген сөздiң алдынан "үлгiлiк"деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"Учаскелiк комиссиялардың қорытындысына сәйкес адамның (отбасының) материалдық жағдайын төмендеткен мәлiметтердi өтiнiш берушi әдейi ұсынған жағдайда, атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшерiн қайта қарауы мүмкiн.".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Статистика
жөніндегі агенттігі Төрағасының
орынбасары
2002 жыл 11 сәуір