О внесении дополнения в Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 13 февраля 2002 года N 31-п "Об утверждении Правил определения совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение адресной социальной помощи" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2002 года за N 1782)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 13 февраля 2002 года N 31-п "Об утверждении Правил определения совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение адресной социальной помощи" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2002 года за N 1782)
- Атауы (қаз.)
- "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 28 ақпанда N 1782 тiркелген) толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47-п
- Қабылданған күні
- 01.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2009 AI19076_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002731_
- ЭКБ идентификаторы
- 19076
- Редакция идентификаторы
- AI19076_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:24
0
"Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 28 ақпанда N 1782 тiркелген) толықтыру енгiзу туралы
Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң тәртiбiн нақтылау мақсатында бұйырамын:
1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1782 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 18, 592-құжат), 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 78-ө (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1821 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 21, 619-құжат), 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-ө (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2061 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 776-құжат) бұйрықтармен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiнде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы, жерлеуге берiлетiн бiржолғы жәрдемақы түрiндегi табыстар есепке алынбайды." деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі
агенттігінің Төрағасы