Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 13 сентября 2002 года № 201/9 "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) объектов, находящихся на балансе коммунальных государственных учреждений"

Қаулы · № 178/4 · қабылданған 16.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2002-no-2019/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 13 сентября 2002 года № 201/9 "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) объектов, находящихся на балансе коммунальных государственных учреждений" Күшін жойған Қаулы ·№ 178/4 ·16.05.2005
27.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 13 сентября 2002 года № 201/9 "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) объектов, находящихся на балансе коммунальных государственных учреждений"

Күшін жойған Қаулы ·№ 178/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 13 сентября 2002 года № 201/9 "Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) объектов, находящихся на балансе коммунальных государственных учреждений"
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" № 201/9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
178/4
Қабылданған күні
16.05.2005
Көрсетілген редакция
27.12.2007 AI24213_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05P0003028
ЭКБ идентификаторы
24213
Редакция идентификаторы
AI24213_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" № 201/9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Облыс әкiмiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" № 26 шешiмiне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 3 ақпандағы "Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi "Коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiн бекiту туралы" № 201/9 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 44/2
қаулысымен
енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар (облыс әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 28 ақпанда № 2317 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 30 наурыздағы 36-нөмiрiнде жарияланды) Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi "Коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережелерiн бекiту туралы" № 201/9
қаулысына
(облыс әдiлет департаментiнде 2002 жылғы 16 қазанда № 1493 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2002 жылғы 19 қазандағы 120-нөмiрiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының тақырыбындағы "беру Ережесi" деген сөздер "беру жөнiндегi Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 1-тармағындағы "қоса берiлiп отырған Ереже" деген сөздер "қоса берiлiп отырған Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(бұдан әрi - Ережелер)" деген сөздер "(бұдан әрi - Нұсқаулық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 1-1-тармағындағы "облыс коммуналдық меншiк департаментiнiң шешiмiмен" деген сөздер "облыс қаржы департаментiнiң шешiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жазбаша ұсынуынан кейiн мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органдарымен келiсiлгеннен немесе жазбаша ұсынымнан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"облыс коммуналдық меншiк департаментi шешiмiнiң негiзiнде" деген сөздер "облыс қаржы департаментi шешiмiнiң негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiнде:
көрсетiлген ереженiң тақырыбындағы "беру Ережесi" деген сөздер "беру жөнiндегi Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ереженiң 1-тармағындағы "Осы Ереже" әзiрлендi" деген сөздер "Осы Нұсқаулық" әзiрлендi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ереженiң 4-тармағындағы "коммуналдық меншiк департаментi" деген сөздер "облыс қаржы департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және баланс ұстаушысының келiсiм бойынша" деген сөздер "немесе баланс ұстаушысының ұсынысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кейбiр жағдайларда облыс қаржы департаментiнiң алқа шешiмi негiзiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар Жалға берушi бола алады.";
көрсетiлген ереженiң 22-тармағындағы 7)-тармақша алынып тасталсын;
көрсетiлген ереженiң 28-тармағындағы 1)-тармақшада "бiр күн бұрын" деген сөздер "үш күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ереженiң 49-1-тармағы алынып тасталсын;
көрсетiлген ереженiң 50-тармағы "ведомстволық қорғауға" деген сөздерден кейiн "немесе баланс ұстаушыға" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген ереженiң 52-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"52. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) облыс қаржы департаментi берген жағдайда жалдау төлемi жергiлiктi бюджетке немесе жалға берушi шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын болғанда кәсiпорын кiрiсiне аударылады.";
көрсетiлген ереженiң 56-тармағындағы "Осы Ережемен" деген сөздер "Осы Нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қолданыстағы