О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 13 августа 2002 года № а-8/99 "Об обеспечении безопасной эксплуатации существующих зданий и сооружений на территории Акмолинской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 13 августа 2002 года № а-8/99 "Об обеспечении безопасной эксплуатации существующих зданий и сооружений на территории Акмолинской области"
- Атауы (қаз.)
- "Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 тамыздағы № а-8/99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/176
- Қабылданған күні
- 30.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2009 24512_174189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05B0003146
- ЭКБ идентификаторы
- 24512
- Редакция идентификаторы
- 24512_174189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:40
0 "Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 тамыздағы № а-8/99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын техникалық қадағалау ережесіне" сәйкес, авариялық, тозығы жеткен, құрылысы аяқталмаған ғимараттар мен тұрғын-үй, азаматтық және өндірістік құрылыстардың қирауына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әділет басқармасында 2002 жылғы 28 тамызда N 1282 тіркелген "Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 тамыздағы N а-8/99 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 2-тармағы мынадай мазмұнды 4-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жайына техникалық қадағалау ережесі" баланс иелерінің назарына жеткізілсін;
2 2) мына мазмұнды 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2) 2-1. Ақмола облысының сәулет құрылысты бақылау мемлекеттік басқармасы (Хамитов Т.Ж.) ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу кезінде орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының, сондай-ақ салынып жатқан объектілердегі атқарылатын құжаттарды рәсімдеудің сапасына бақылауды күшейтсін.
3 3) 3 тармағы мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін".