Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года № 345-І "Об утверждении Правил деятельности оператора вагонов (контейнеров)"

Бұйрық · № 127 · қабылданған 04.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2004-no-345/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года № 345-І "Об утверждении Правил деятельности оператора вагонов (контейнеров)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 127 ·04.06.2007
06.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года № 345-І "Об утверждении Правил деятельности оператора вагонов (контейнеров)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 127 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года № 345-І "Об утверждении Правил деятельности оператора вагонов (контейнеров)"
Атауы (қаз.)
"Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 345-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
04.06.2007
Көрсетілген редакция
06.08.2011 AI33715_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004743_
ЭКБ идентификаторы
33715
Редакция идентификаторы
AI33715_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:33

0 "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3088 болып тіркелген және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде", 2005 ж., N 1, 3-құжат, "Ресми газетінің" 2004 жылғы 6 қарашадағы N 45 (202) санында жарияланған; "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 284 бұйрығымен толықтыру енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4467 болып тіркелген және "Ресми газетінің" 2007 жылғы 6 қаңтардағы N 1 (314) санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Магистралдық темір жол желісінде пайданылатын вагондар (контейнерлер) операторларына тиесілі вагондарды (контейнерлерді) есепке алуды магистралдық темір жол желісінің операторы жүзеге асырады.";
3-тармақтың 3) тармақшасында:
алтыншы абзацта "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"магистралдық темір жол желісінде вагондарды (контейнерлерді) пайдалану бойынша жедел, статистикалық есептiлiкті алғашқы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыға және магистралдық темір жол желісінің операторына қажетті ақпаратты беруді.";
4-тармақтың 3) тармақшасы "қолдану шарты" деген сөздерден кейін "және жүк вагондарын ағымдағы жөндеу шарты" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж. Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы