О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2004 года №39 «О мерах по организации поощрения граждан участвующих в охране общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2004 года №39 «О мерах по организации поощрения граждан участвующих в охране общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 13 ақпандағы №39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 07.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2015 99238_52704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15Z000093A
- ЭКБ идентификаторы
- 99238
- Редакция идентификаторы
- 99238_52704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:34
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
«Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын
азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру
жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы
13 ақпандағы №39 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және кейбір кадрлық өзгерістерге байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2004 жылғы 13 ақпандағы №39 «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқан азаматтарды көтермелеу мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары бұзылсын және жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкенге жүктелсін.
4 2015 жылғы «7» сәуірдегі №93 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 1-қосымша
Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқан азаматтарды көтермелеу мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Мәкен
Бақтияр Мәкенұлы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
Ахаев
Талғат Өтеғалиұлы
Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, (келісім бойынша)
Құлшар
Мәлік Иманқұлұлы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)
Салахатдинова
Айгүл Бақытжанқызы
Батыс Қазақстан облысының қаржы
басқармасының басшысы
Рахметова
Гүлзада Жәрдемқызы
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы
5 2015 жылғы «7» сәуірдегі №93 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бұзылған және күшін жойған қаулыларының тізімі
1
1. 2001 жылғы 13 қарашадағы №49 «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1144 тіркелген, 2001 жылғы 29 желтоқсанда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған ) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
2
2. 2004 жылғы 9 маусымдағы №167 «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2693 тіркелген, 2004 жылғы 29 маусымдағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылсын;
3
3. 2005 жылғы 24 ақпандағы №80 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2902 тіркелген, 2005 жылғы 5 сәуірде «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған ) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
4
4. 2006 жылғы 24 ақпандағы №60 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 13 ақпандағы №39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2957 тіркелген, 2006 жылғы 18 наурыздағы «Орал өңірі» және 2006 жылғы 16 наурыздағы «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылсын;
5
5. 2006 жылғы 22 мамырдағы №187 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 13 ақпандағы №39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2967 тіркелген, 2006 жылғы 28 қазандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылсын;