Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2005 года N 1240

Қаулы · № 1373 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2005-n-1240/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2005 года N 1240 Күшін жойған Қаулы ·№ 1373 ·29.12.2007
17.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2005 года N 1240

Күшін жойған Қаулы ·№ 1373 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2005 года N 1240
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1240 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1373
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
17.09.2013 AI36558_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001373_
ЭКБ идентификаторы
36558
Редакция идентификаторы
AI36558_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1240 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу, жайластыру және күтіп ұстау жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1.»"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1240 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмысын белгілеу және ұйымдастыру ережесінде:
9-тармақта:
төртінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бақылау органдары олар ұсынған материалдарды қарайды және бір ай мерзімде бастамашыға өз қорытындысын жібереді. Бастамашы барлық материалдар мен мемлекеттік органдардың қорытындыларын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жібереді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәселені шекаралас мемлекетпен келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті бойынша тиісті келісім жобасын дайындайды.";
10-тармақтағы»"Бастамашы" деген сөз»"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы»"бастамашы өз құзыреті шегінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы