Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 348-п "Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ"

Бұйрық · № 170-П · қабылданған 25.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2007-no-348/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 348-п "Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ" Күшін жойған Бұйрық ·№ 170-П ·25.05.2012
27.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 348-п "Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 170-П · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 348-п "Об утверждении Правил инвентаризации выбросов парниковых газов и озоноразрушающих веществ"
Атауы (қаз.)
"Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
170-П
Қабылданған күні
25.05.2012
Көрсетілген редакция
27.04.2016 AI66418_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007762
ЭКБ идентификаторы
66418
Редакция идентификаторы
AI66418_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:11

0 "Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына (№ 5094 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 5, 2008 жылғы 28 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар заңды тұлғалар жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу жүргізеді және оны есептілік жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті «Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө бұйрығымен (№ 7692 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;
6-тармақ алынып тасталсын;
3-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Озонды бұзатын заттарға түгендеу жүргізу тәртібі»;
Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын.

2 2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы