О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № 4С4/6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № 4С4/6 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг"
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 4С4/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С 17/5
- Қабылданған күні
- 27.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2012 45686_Some(103900).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BE000116
- ЭКБ идентификаторы
- 45686
- Редакция идентификаторы
- 45686_Some(103900)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:15
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 4С4/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Атбасар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С4/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-89 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпанда «Атбасар» № 5, «Простор» № 5 газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
2 тармақта «2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық қызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешімі (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 30 мамырда № 1136 тіркелген, 2003 жылғы 17 қаңтарда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын» сөздері мен сандары келесі мазмұндағы сөздермен және сандармен ауыстырылсын «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық қызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» 2002 жылғы 17 мамырдағы № С 19/7 шешімі ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1136 тіркелген 2002 жылғы 30 мамырда «Атбасар» 15 газетінде, 2003 жылғы 17 қаңтарда «Простор» 2 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын».
2 2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оны бірінші ресми жариялағаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Атбасар ауданының әкімі
Р.Ш. Әубәкіров