О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 455 «Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемых к профессиональным бухгалтерам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 455 «Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемых к профессиональным бухгалтерам»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 408
- Қабылданған күні
- 01.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2024 198431_710197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034688
- ЭКБ идентификаторы
- 198431
- Редакция идентификаторы
- 198431_710197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:43
0 «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.