О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 456 "Об утверждении Классификатора перечня товаров (работ, услуг) государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета, деньги от реализации, которых остаются в их распоряжении"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 456 "Об утверждении Классификатора перечня товаров (работ, услуг) государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета, деньги от реализации, которых остаются в их распоряжении"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 30.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2009 AI44373_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005551_
- ЭКБ идентификаторы
- 44373
- Редакция идентификаторы
- AI44373_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:53
0
"Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 5057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышында:
"Мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын қызметтер" бөлімінде:
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 1-коды бойынша:
6-бағанда:
төртінші абзацта "104" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
9-бағанда:
28) тармақшада "112, 144, 145, 146" сандары алынып тасталсын;
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 2, 4, 6-кодтары бойынша:
6-бағанда:
екінші абзацта "104" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 7-коды бойынша:
6-бағанда:
үшінші абзацта "104" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 10, 13-кодтары бойынша:
6-бағанда:
бірінші абзацта "104" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 11-коды бойынша:
6-бағанда:
төртінші абзацта "104" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік мекемелер нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер" бөлімінде:
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 14-коды бойынша:
6-бағанда:
бірінші абзацта "100" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
9-бағанда:
14) тармақшада "144, 145, 146" сандары алынып тасталсын;
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 15-коды бойынша:
6-бағанда:
бірінші абзацта "100" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
"Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері көрсететін қызметтер" бөлімінде:
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 19-коды бойынша:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында:
бірінші абзац алынып тасталсын;
5-бағанда:
екінші абзацта "036" саны "068" деген санмен ауыстырылсын;
6-бағанда:
екінші абзацта "101" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
9-бағанда:
3) тармақшада "112, 144, 145, 146" сандары алынып тасталсын;
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 20-коды бойынша:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында:
бірінші абзац алынып тасталсын;
5-бағанда:
екінші абзацта "036" саны "068" деген санмен ауыстырылсын;
6-бағанда:
екінші абзацта "101" саны "000" деген санмен ауыстырылсын;
9-бағанда:
8) тармақшада "112, 144, 145, 146" сандары алынып тасталсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.