О внесении изменений и дополнений в решение Уральского городского маслихата от 13 июня 2007 года № 46-14 "Об утверждении "Правил благоустройства территории города Уральска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Уральского городского маслихата от 13 июня 2007 года № 46-14 "Об утверждении "Правил благоустройства территории города Уральска"
- Атауы (қаз.)
- Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-14 "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27-10
- Қабылданған күні
- 12.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2012 51617_162297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZA000179
- ЭКБ идентификаторы
- 51617
- Редакция идентификаторы
- 51617_162297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:48
0 Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-14 "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-14 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-71 тіркелген, 2007 жылғы 2 тамызда, 2007 жылғы 9 тамызда "Жайық үні" газетінде № 31, № 32 және 2007 жылғы 30 тамызда, 2007 жылғы 6 қыркүйекте "Пульс города" газетінде № 35, № 36 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесіндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережеде:
барлық мәтін бойынша "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
78 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"78. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғалар өз аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығаруды қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт бойынша немесе арнайы техникасы (қоқыс шығаратын көлік) болса өз бетімен шығаруды қамтамасыз етуі қажет. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.".