О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 13 апреля 2009 года № 16/105 "О стоимости разовых талонов и ставкам фиксированного налога по отдельным видам деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 13 апреля 2009 года № 16/105 "О стоимости разовых талонов и ставкам фиксированного налога по отдельным видам деятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 16/105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/101
- Қабылданған күні
- 27.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2012 47575_199576.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SF000122
- ЭКБ идентификаторы
- 47575
- Редакция идентификаторы
- 47575_199576
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:40
0 "Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 16/105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
«Бюджетке салықтар және өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV Заңының 36-бабына сәйкес, Есіл ауданы бойынша Салық басқармасымен өткізілген хронометрлік бақылаулар мен тексерулердің ортакүндік мәліметтері негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. «Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 16/105 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
1) 1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының базарларында тауарларды сатумен айналысатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін, 1-қосымшаға сәйкес».
1-қосымшада «өнеркәсіптік тауарлар» деген жолда «318» сандары «250» сандарымен ауыстырылсын.
2) келесі мазмұндағы 1.1. тармағымен толықтырылсын:
«1.1-қосымшаға сәйкес эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін»
2 2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: 2009 ж. 28.07.
Есіл ауданы бойынша
салық басқармасы бастығының
міндетін аткарушы
М. Мұстафина
3 Аудандық мәслихаттың шешіміне
2009 жылғы 27 шілдедедгі № 20/121
1.1-қосымша
Эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондардың құны
Р/с
№
Қызмет түрлері
Біржолғы талонның құны теңгеде
1
Тұқымдарды, сондай-ақ егу материалдарын (көшеттерді) сату
160
2
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері
318
3
Үй жануарларын бағу
56