О внесении изменения в решении акима Шетиргизского сельского округа от 13 марта 2009 года № 4 "О присвоении наименования улицам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решении акима Шетиргизского сельского округа от 13 марта 2009 года № 4 "О присвоении наименования улицам"
- Атауы (қаз.)
- Шетырғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06
- Қабылданған күні
- 24.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2014 AI85103_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CMJ04100
- ЭКБ идентификаторы
- 85103
- Редакция идентификаторы
- AI85103_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:51
0 Шетырғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 4 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 4 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-101 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталсын.
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шетырғыз ауылдық округінің әкімі
Ж.С. Табынбеков