Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 13 января 2009 года № 43 "Об утверждении Перечня целевых групп населения"

Қаулы · № 1596 · қабылданған 24.08.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2009-no-43-ekb-47863/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 13 января 2009 года № 43 "Об утверждении Перечня целевых групп населения" Күшін жойған Қаулы ·№ 1596 ·24.08.2009
11.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 13 января 2009 года № 43 "Об утверждении Перечня целевых групп населения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1596 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 13 января 2009 года № 43 "Об утверждении Перечня целевых групп населения"
Атауы (қаз.)
"Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1596
Қабылданған күні
24.08.2009
Көрсетілген редакция
11.01.2010 47863_195816.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NA000132
ЭКБ идентификаторы
47863
Редакция идентификаторы
47863_195816
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:31

0 "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 5 мамырдағы Заңының 1-бабы 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-121 бойынша тіркелген, 2009 жылғы 24 ақпандағы "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе сөзбасында "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген нысаналы топтарының тізбесінде:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органымен жіберілген кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқтағандар, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезеңінде)";
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________________ В. Рубинский
2009.08.24 ж.
"Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________________ Л. Кураева
2009.08.24 ж.

Қолданыстағы