О внесении изменений в решение акима Бозойского сельского округа Шалкарского района от 13 апреля 2009 года № 7 "О присвоении наименования улицам населенного пункта"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Бозойского сельского округа Шалкарского района от 13 апреля 2009 года № 7 "О присвоении наименования улицам населенного пункта"
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы Бозой селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 "Елді мекендерге көше атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 09
- Қабылданған күні
- 15.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2015 87074_5131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CMD04221
- ЭКБ идентификаторы
- 87074
- Редакция идентификаторы
- 87074_5131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:40
0 Шалқар ауданы Бозой селолық округі
әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7
«Елді мекендерге көше атауларын беру
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар ауданы Бозой селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 «Елді мекендерге көше атауларын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-105 санымен тіркелген, 2009 жылдың 27 мамырында аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын.
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.