О внесении изменения и дополнения в постановления от 13 октября 2010 года № 129 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" и от 21 мая 2012 года № 1170 "Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2012 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановления от 13 октября 2010 года № 129 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" и от 21 мая 2012 года № 1170 "Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2012 год"
- Атауы (қаз.)
- "Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 13 қазандағы № 129 және "2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы" 2012 жылғы 21 мамырдағы № 1170 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1326
- Қабылданған күні
- 06.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2013 AI67486_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VL002643
- ЭКБ идентификаторы
- 67486
- Редакция идентификаторы
- AI67486_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:38
0
"Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 13 қазандағы № 129 және "2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы" 2012 жылғы 21 мамырдағы № 1170 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағын, 7-бабының 2), 5-5) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Зырян ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
«Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2010 жылғы 13 қазандағы № 129 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 19 қарашасында № 5-12-113 тіркелген, 2010 жылдың 26 сәуірдегі № 50 «7 дней» газетінде жарияланған) 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«1. Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарының жалпы есебінен бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.»;
«2012 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы» 2012 жылғы 21 мамырдағы № 1170 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 маусымда № 5-12-141 тіркелген, «Пульс! Зыряновска» және «Көктас таңы» 2012 жылғы 21 маусымда № 25 газетінде жарияланған) 1-тармағы келесі мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.».