О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 января 2010 года № 13 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации дошкольных организаций образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 января 2010 года № 13 "Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации дошкольных организаций образования"
- Атауы (қаз.)
- "Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 833
- Қабылданған күні
- 25.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2012 AI55304_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006597
- ЭКБ идентификаторы
- 55304
- Редакция идентификаторы
- AI55304_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:06
0 "Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 ақпанда № 6048 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы наурызда № 3, 370-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. ББМДҰ-ның ойын алаңдарының көлемдері бір орынға кемінде 6 м2 қабылданады.»;
9-тармақтағы «немесе көп пәтерлі тұрғын үйден кемінде 10 метр қашықтықта» деген сөздерден кейін «(жеке иеліктегі үйлер үшін кемінде 5 метр)» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтағы:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ББМДҰ-да көлемі кемінде 250 метр2 дене шынықтыру алаңы жабдықталады.»;
төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер алынып тасталсын;
16-тармақтың екінші бөлігіндегі «50» деген сан «30» деген санмен ауыстырылсын;
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. ББМДҰ-да ауданы кемінде 80 м2 болатын музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал қарастырылады.»;
29 және 62-тармақ алынып тасталсын;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүзу бассейндерін жобалау, салу, реконструкциялау кезінде санитариялық ережелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 555 бұйрығымен регламенттеледі.»;
89-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын;
118-тармақтағы «Білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штатын және педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының және оларға теңестірілген адамдар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
2-қосымшада:
«Медициналық үй-жайлар» бөліміндегі:
«
изолятор: қабылдау бөлмесі
2
2
2
4
6
»
деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
«
изолятор:
-
-
-
-
-
»;
«Палата» жолындағы «12» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын;
«Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар» бөліміндегі:
«
шаруашылық меңгерушісінің кабинеті
-
-
-
6
6
»
деген жол алынып тасталсын.