О внесении дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 13 апреля 2010 года № С-25/4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Бурабайского районного маслихата от 13 апреля 2010 года № С-25/4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-33/19
- Қабылданған күні
- 07.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2011 59696_194999.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BS000204
- ЭКБ идентификаторы
- 59696
- Редакция идентификаторы
- 59696_194999
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:01
0 Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-178 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымда аудандық «Бурабай» газетінде, 2010 жылғы 3 маусымда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) комиссияның анықтауы бойынша өрт болғанда шығын дәрежесін есепке алумен отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы».
2 2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі В.Н.Балахонцев