О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301 "Об утверждении Программы "Дорожная карта бизнеса 2020" и от 10 июня 2010 года № 556 "О некоторых мерах по реализации Программы "Дорожная карта бизнеса 2020"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301 "Об утверждении Программы "Дорожная карта бизнеса 2020" и от 10 июня 2010 года № 556 "О некоторых мерах по реализации Программы "Дорожная карта бизнеса 2020"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1190
- Қабылданған күні
- 12.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2012 67601_113986.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001190
- ЭКБ идентификаторы
- 67601
- Редакция идентификаторы
- 67601_113986
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:21
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
«Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттарында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.»;
2 2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесінде:
«Кәсіпкерлерді өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау» деген 8-бөлімде:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.».