Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи"

Өзге акт · № 45 · қабылданған 29.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-329-ekb-66140/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи" Күшін жойған Өзге акт ·№ 45 ·29.05.2012
14.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 45 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
45
Қабылданған күні
29.05.2012
Көрсетілген редакция
14.11.2014 AI66140_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NN000179
ЭКБ идентификаторы
66140
Редакция идентификаторы
AI66140_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:09

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2010 жылдың 15 қазанында 9-14-135 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 қазанда "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), не баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармағы жойылсын;
13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________________ В. Панин

Қолданыстағы