Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи"

Өзге акт · № 154 · қабылданған 27.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-329/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи" Күшін жойған Өзге акт ·№ 154 ·27.12.2013
14.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 154 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 13 сентября 2010 года № 329 "О порядке и размере оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
27.12.2013
Көрсетілген редакция
14.11.2014 AI77094_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NN004415
ЭКБ идентификаторы
77094
Редакция идентификаторы
AI77094_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:16

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мәслихаттың 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-135 тіркелген, 2010 жылғы 22 қазанда "Арна" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері" қосымшасында:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге берiледi.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Қостанай ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.";
12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға, нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ В. Панин
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ З. Кенжегарина

Қолданыстағы