О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду"
- Атауы (қаз.)
- "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 25.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2022 63306_692598.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12C0003386
- ЭКБ идентификаторы
- 63306
- Редакция идентификаторы
- 63306_692598
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:16
0 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 505-IV Заңының 1-бабының 4-тармағына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 1-тармағының 2 абзацы, «6» санынан кейін «6-1» сандарымен толықтырылсын;
шешімге қосымшадағы:
6-тармақтың 1.3.7 тармақшасы - алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды».