О внесении изменения в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 "О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду"
- Атауы (қаз.)
- "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2022 91099_692594.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15C0004398
- ЭКБ идентификаторы
- 91099
- Редакция идентификаторы
- 91099_692594
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:56
0 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1 - бабының 3 - тармағының 6) тармақшасына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2015 жылғы 27 мамырдағы № 312
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с
№
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель (Гбк) үшін
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)
0,38
1.2.
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:
1.2.1.
«қызыл» тізім
14
1.2.2.
«жақұт» тізім
8
1.2.3.
«жасыл» тізім
2
1.2.4.
сыныпталмағандар
0,9
1.3.
Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:
1.3.1.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
1.3.1.1.
аршынды жыныстар
0,004
1.3.1.2.
жанас таужыныстары
0,026
1.3.1.3.
байыту қалдықтары
0,02
1.3.1.4.
шлактар, шламдар
0,038
1.3.2.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар
0,038
1.3.3.
күл мен күлшлактар
0,66
1.3.4.
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,001
2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):
2.1.
Трансуранды
0,76
2.2.
Альфа-радиоактивті
0,38
2.3.
Бета-радиоактивті
0,04
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
0,38