О внесении изменений в решения областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решения областного маслихата от 13 декабря 2010 года № 337 «О повышении ставок платы за эмиссии в окружающую среду»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 385
- Қабылданған күні
- 01.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2022 129484_692604.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0005983
- ЭКБ идентификаторы
- 129484
- Редакция идентификаторы
- 129484_692604
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:57
0 Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексiнің 576-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1 - тармағындағы «1.3.6.» сандары «1.1» сандарымен ауыстырылсын;
шешімнің қосымшасындағы 6 - тармақтың 1.1) тармақшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2019 жылғы 1 наурыздағы № 385
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізу
р/с
№
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель (Гбк) үшін
1.1
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)
0,19