Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 «Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов»

Бұйрық · № 287 · қабылданған 23.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-359-ekb-112979/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 «Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов» Қолданыста Бұйрық ·№ 287 ·23.05.2017
23.05.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 «Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 287 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 «Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов»
Атауы (қаз.)
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
287
Қабылданған күні
23.05.2017
Көрсетілген редакция
23.05.2017 112979_198387.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015242
ЭКБ идентификаторы
112979
Редакция идентификаторы
112979_198387
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:02

0 «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерінде:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалар тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің тәртібін  белгілейді.».
6-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
10-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Қонбай орындалатын ұшуды орындауға алдын ала хабарлама беру тәртібі
20-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонуды жүзеге асырмайтын ұшулар әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұшуды орындау туралы алдын ала хабарламаны ұсынған кезде орындалады.
20-2. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама ұшуды орындау күніне дейін 1 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ұйымына аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған белгіленген байланыс арналары бойынша жіберіледі.
20-3. Ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарлама мынадай деректерді қамтиды:
пайдаланушының атауы, толық пошталық мекенжайы және байланыс деректері;
ИКАО коды және рейс нөмірі;
әуе кемесінің типі және тіркеу нөмірі;
әуе кемесінің ең ауыр ұшу салмағы;
әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;
ұшу мақсаты;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;
бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;
аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді төлеудің болжамды нысаны.»;
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. Қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау туралы ұсынылатын алдын ала хабарламалар 1 (бір) жыл ішінде сақталады.».
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Шетел әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларға берілетін рұқсаттардағы беру кезінде қолданылатын мемлекеттердің тізбесі және олардың реттік нөмірлері

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 23 мамырдағы
№ 287 бұйрығына
қосымша
Халықаралық тұрақты емес
ұшуларды орындауға арналған
рұқсаттарды беру және беруден
бас тарту ережесіне
2-қосымша
Шетел әуе кемелерімен халықаралық тұрақты емес ұшуларға берілетін рұқсаттардағы беру кезінде қолданылатын мемлекеттердің тізбесі және олардың реттік нөмірлері
код
Мемлекет
код
Мемлекет
код
Мемлекет
001
Аустралия
067
Камбоджа
133
Румыния
002
Аустрия
068
Камерун
134
Сальвадор
003
Әзербайжан
069
Канада
135
Самоа
004
Албания
070
Қатар
136
Сан-Марино
005
Алжир
071
Кения
137
Сан-Томе және Принсипи
006
Ангола
072
Кипр
138
Сауд Арабия
007
Андорра
073
Кирибати
139
Свазиленд
008
Антигуа және Барбуда
074
Қытай
140
Сейшел Аралдары
009
Аргентина
075
Колумбия
141
Сенегал
010
Армения
076
Комора Аралдары
142
Сент-Винсент және Гренадины
011
Ауғанстан
077
Конго
143
Сент-Китс және Невис
012
Багама Аралдары
078
Солтүстік Корея
144
Сент-Люсия
013
Бангладеш
079
Коста-Рика
145
Сербия
014
Барбадос
080
Кот-д'Ивуар
146
Сингапур
015
Бахрейн
081
Куба
147
Сирия
016
Беларусь
082
Кувейт
148
Словакия
017
Белиз
083
Қырғызстан
149
Словения
018
Бельгия
084
Лаос
150
Ұлыбритания
019
Бенин
085
Латвия
151
Америка Құрама Штаттары
020
Болгария
086
Лесото
152
Соломон Аралдары
021
Боливия
087
Либерия
153
Сомали
022
Босния және Герцеговина
088
Ливан
154
Судан
023
Ботсвана
089
Ливия
155
Суринам
024
Бразилия
090
Литва
156
Сьерра-Леоне
025
Бруней
091
Люксембург
157
Тәжікстан
026
Буркина-Фасо
092
Маврикий
158
Таиланд
027
Бурунди
093
Мавритания
159
Тимор-Лешти
028
Бутан
094
Мадагаскар
160
Того
029
Македония
095
Малави
161
Тонга
030
Вануату
096
Малайзия
162
Тринидад және Тобаго
031
Мажарстан
097
Мали
163
Тунис
032
Венесуэла
098
Мальдивтер
164
Түрікменстан
033
Вьетнам
099
Мальта
165
Түркия
034
Габон
100
Марокко
166
Уганда
035
Гаити
101
Маршаллов Аралдары
167
Өзбекстан
036
Гайана
102
Мексика
168
Украина
037
Гамбия
103
Микронезия (Федеративті Штаттары)
169
Уругвай
038
Гана
104
Мозамбик
170
Фиджи
039
Гватемала
105
Монако
171
Филиппиндер
040
Гвинея
106
Моңғолия
172
Финляндия
041
Гвинея-Бисау
107
Мьянма
173
Франция
042
Германия
108
Намибия
174
Хорватия
043
Гондурас
109
Науру
175
Орталық Африка Республикасы
044
Гренада
110
Непал
176
Чад
045
Грекия
111
Нигер
177
Черногория
046
Грузия
112
Нигерия
178
Чехия
047
Гонконг
113
Нидерланды
179
Чили
048
Дания
114
Никарагуа
180
Швейцария
049
Конго
115
Жаңа Зеландия
181
Швеция
050
Джибути
116
Норвегия
182
Шри-Ланка
051
Доминикан
117
Танзания
183
Эквадор
052
Мысыр
118
Біріккен Араб Әмірліктері
184
Экваторлық Гвинея
053
Замбия
119
Оман
185
Эритрея
054
Зимбабве
120
Кука Аралдары
186
Эстония
055
Израиль
121
Пәкістан
187
Эфиопия
056
Үндістан
122
Палау
188
Оңтүстік Африка
057
Индонезия
123
Панама
189
Оңтүстік Судан
058
Иордания
124
Папуа-Жаңа Гвинея
190
Ямайка
059
Ирак
125
Парагвай
191
Жапония
060
Иран
126
Перу
061
Ирландия
127
Польша
062
Исландия
128
Португалия
063
Испания
129
Оңтүстік Корея
064
Италия
130
Молдова
065
Кабо-Верде
131
Ресей
066
Йемен
132
Руанда

Қолданыстағы