О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 359 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение международных нерегулярных полетов"
- Атауы (қаз.)
- "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 653
- Қабылданған күні
- 23.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2013 AI74711_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008740
- ЭКБ идентификаторы
- 74711
- Редакция идентификаторы
- AI74711_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:26
0 "Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 5 қазандағы № 262 (26323) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінде және беруден бас тарту негіздерінде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«2-1) егер шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің чартерлі рейсі Қазақстан Республикасы аумағында құралатын жолаушылар тобын коммерциялық тасымалдаумен байланысты жоспарланатын болса, мыналарды қоспағанда:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының күзетілудегі және басқа да лауазымдық тұлғаларды тасымалдауды;
көмек көрсетуге арналған тасымалдауларды;
жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапардағы чартерлі рейстерді;
Қазақстан Республикасы авиациялық билік органдары мен шет мемлекеттің авиациялық билік органдары арасындағы жазба уағдаластықтар шеңберінде орындалатын ұшуларды;
қазақстандық авиакомпаниялардың чартерлік ұшуларды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда;
шетелдік авиакомпания Қазақстан Республикасы авиакомпанияларына шектеулер бар мемлекеттерге чартерлік рейсті орындау өтінімін берген жағдайда.».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен:
1 1) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастыруын;
3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күн мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментіне мемлекеттік тіркелу туралы мен бұқаралық ақпараттар құралдарына жариялауға жіберілгені туралы мәлімет берілуін қамтамасыз етсін.