Құжат мәтініне өту

О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 362 «Об утверждении правил организации работы постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»

Бұйрық · № 153 · қабылданған 19.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-362-ekb-140859/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 362 «Об утверждении правил организации работы постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 153 ·19.03.2020
19.03.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 362 «Об утверждении правил организации работы постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 153 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 362 «Об утверждении правил организации работы постов транспортного контроля на территории Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153
Қабылданған күні
19.03.2020
Көрсетілген редакция
19.03.2020 140859_452467.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020204
ЭКБ идентификаторы
140859
Редакция идентификаторы
140859_452467
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:32

0 «Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 429-432 (26275) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«КББ қызметкерлері автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың нөмірлі омырау белгілері және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы тиіс.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көлік құралына кідірмей жақын келеді, өзін таныстырады, көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы