Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 363 "Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов на внутренних и международных авиамаршрутах Республики Казахстан"

Бұйрық · № 652 · қабылданған 23.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-363/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 363 "Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов на внутренних и международных авиамаршрутах Республики Казахстан" Қолданыста Бұйрық ·№ 652 ·23.08.2013
23.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 363 "Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов на внутренних и международных авиамаршрутах Республики Казахстан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 652 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 363 "Об утверждении Инструкции по утверждению расписания регулярных рейсов на внутренних и международных авиамаршрутах Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
652
Қабылданған күні
23.08.2013
Көрсетілген редакция
23.08.2013 AI74567_0.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008741
ЭКБ идентификаторы
74567
Редакция идентификаторы
AI74567_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:26

0 "Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6462 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 398-401 (26244) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулық»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарында шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелерін бекіту нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің шетелдік авиакомпанияларының тұрақты ұшу кестелерін бекіту рәсімін нақтылайды»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) аэронавигациялық ұйым – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері;
2) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесі.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
7 және 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кестені жасау кезінде тұрақты ұшу параметрлері Қазақстан Республикасының әуе қатынасы туралы халықаралық шартының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8. Шетелдік авиатасымалдаушы ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған «Р» нысаны (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және 4 данада ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);
2) тұрақты ұшу авиамаршруты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келісілген слоттар.»;
мынадай мазмұндағы 8.1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Шетелдік авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың басталуына дейін күнтізбелік 15 күнде қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесін аэронавигациялық ұйымға ұсынады (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай тұрақты ұшулардың орындалуына қайталанатын ұшу жоспарларының тізбесі аэронавигациялық ұйымға бекіту туралы хабарлама беру арқылы Комитеттің бекітуіне жатады.».
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комитет құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кейін оларды авиакомпанияларға және аэронавигациялық ұйымға беру арқылы «Р» нысанын қарауды және бекітуді жүргізеді, немесе осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.».
1-қосымшаға осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымшаға осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталына (МОИП) орналастыруды;

3 3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден кейін 5 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын жариялауға жіберген туралы мәліметті қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 _____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi орындау графигi

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 тамыздағы № 652
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша
«P» нысаны
«Бекiтемiн»
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрлiгi
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
____________________(Т.А.Ә.)
20 __жылғы «____» ___________
_____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi орындау графигi

ХА­АҰ ко­ды және рейс нө­мiр­лерi
Орын­дау ке­зеңi
Ап­та күн­дерi
Марш­ру­ты (әу­е­жай ата­уы, УТЦ уа­қы­ты)
Ес­керт­пе
гг­ммдд
гг­ммдд
1
2
3
4
5
6
7

Ком­мер­ци­я­лық құқы­ғы бар учас­ке­лер
"тоқ­та-овер" құқы­ғы бар пункт­тер
Тех­ни­ка­лық қо­ну пункт­терi
Құ­ра­с­ты­ру
ӘК үл­гiсi
Авиакомпания басшысы
немесе ол уәкiлеттiк
еткен тұлға           Т.А.Ә.       МО

2 Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 тамыздағы № 652
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша
Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)
Пай­да­ла­ну­шы
Ад­ре­са­ты(тар)
+
-
(ж.а.к.)
жа­рам­ды
(ж.а.к.) бой­ын­ша жа­рам­ды
Ұшу күн­дерi
ӘК та­ным ин­дексi
ӘК үл­гiсi және iздiң тур­бу­лент­тi са­на­ты
Әу­е­ай­лақ және ұшу уа­қы­ты
1
2
3
4
5
6
7
Ұшу әу­е­ай­лақ­та­ры
ж.а.к. күнi
Се­ри­я­лық
Па­рақ
Қо­сым­ша де­ректер
Крей­сер Марш­ру­ты
Әу­е­ай­лақ­ты бел­гiлеу және бiт­кен уа­қыт
Ес­керт­пе
Жыл­дам­дық
Эше­лон
Марш­рут
RPL жасауға жауапты тұлғаның ___________ Т.А.Ә.      МО

Қолданыстағы